Хабар телеарнасы

Елімізде вейп шегетін балалардың саны күрт өсіп барады

Мамандардың айтуынша, соңғы бес жылда электронды темекі қолданатын жасөспірім қыздардың саны 3 есеге, ұлдардың саны 1,5 есеге артқан. Бұған себеп – олардың иісті әрі сәнді болуы. Заң бойынша темекі түрлерін 21 жасқа дейін сатуға тыйым салынған. Бірақ дәрігерлер дүкендерде ашық, жасына қарамай сату жалғасып келетініне алаңдап отыр. Олардың айтуынша бұл мәселеге қазір тосқауыл қойылмаса 10 жылда зардабы сезіліп бастайды. Өйткені оның құрамында никотин бір тал темекіге қарағанда 70% көп. Сондықтан аналар кеңесі қазір вейпке тыйым салу үшін петиция жариялаған. Оған қазірдің өзінде 20 мың азамат қол қойыпты.

Баян Ахатай, ҚХА Аналар кеңесі төрағасының орынбасары:
-Әлемде бүгінгі таңда вейп шегумен байланысты ғана ауру түрі бар. Эволи деген. Бұл дабыл. Қазақстанда қазіргі таңда 3 эволи диагнозымен анықталған жастар бар. Емдеудің хаттамасы әлі жоқ. Жасалған. Жоқ. Бұл деген осындай сырқаттарды емдеудің мүмкіндігі өте төмен деген сөз.

Айта кетейік, қазіргі таңда елімізде вейптің 17 түрі сатылады. Ал кәсіпкерлер оған тыйым салынса қара нарық көбейеді деп отыр. Бірақ құзырлы орган өкілдері бұл мәселемен қоғам болып күресуге шақырады. Өйткені балалардың қазірден вейп қолдануы болашақ нашақорларды көбейтуі мүмкін дейді.  

Бақытжан Әмірханов, ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары:
-Есірткіге кіру нүктесі деп айтса да болады. Жастарға білінбейтін конфет сияқты дәммен жасап қойған. Оның шеккен, шекпегенін тұтынған, тұтынбағанын білмейсің. Сондықтан пандемиямен күрескендей білім ошақтары қоғам болып күресу керек.