Шежіре тұнған «Елорда» атты еңбектің тұсауы кесілді
Астана күніне орай тағы бір шара жайында. Қарқынды құрылыс, әлеуметтік-экономикалық даму, әлемдік лидерлердің бас қосулары. 25 жылда күрт өзгерген Астанамыздың бүгінгі көрінісі осындай. Ұлытаудан басталған ұлы көштің Сарыарқа төрінде қазығының қағылуы, тарихы мен бүгіні жайында құнды деректер бір кітапта жинақталды. Шежіре тұнған Елорда атты еңбектің тұсауы кесілді. Архивтік құжаттар мен фотоматериалдар, мемлекеттік киноқұжаттар мен дыбыс жазбалары көрмеге қойылды. Алдағы күндері қала жұртшылығына мұнан да өзге мәдени-көпшілік шаралар ұсынылатын болады.
Тілеуғали Қышқашбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері:
-Қаншама мәдениеттанушылар, дәрігерлер, инженерлер, қаншама архитекторлар, қазақтың азаматтар мен азаматшалары келіп, осында Астананы салды. Ең бірінші солардың еңбегі. Сол кісілер жайында архивтегі құжаттарды қазір көтеріп, үлкен–үлкен шежірелер, фотосурет көрмелерін ұйымдастырып жатырмыз. Олар - мәңгілік.