«Вейп» сатушылар заңды бұзып отыр
«Вейп» атауымен кеңінен танылған электронды темекіні сатушылар заңды өрескел бұзып отыр. Осылай деген «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық қоры аталған темекі жастар денсаулығына аса қауіпті екенін айтып, тыйым салуды сұрайды. Өйткені сәнге айналған никотиндік өнімдер 21 жасқа толмағандарға еркін сатуда. Мамыр айынан бастап Астана, Алматы және Өскемен қалаласында «Вейпсіз жасөспірім шақ» әлеуметтік жобасы жүріп жатыр. Мысалы Алматыдағы дүкендер мен дүңгіршектер заңды сақтамайтынын көрсетті. Тіпті кәмелетке толмағандар да вейпті ешқандай кедергісіз сатып алады. Әлеуметтік жобаның бірінші кезеңінде полициямен бірге үш дүкенге айыппұл салынған. Бұл жолы тексерілген 4 дүкен бойынша да полицияға арыз жазылды.
Марат Сайбеков "Қазақстан Балалар қоры" ҚҚ әлеуметтік жоба жетекшісі:
-21 жасқа толмаған тыйым салынған заң бойынша сатуға. Бірақ оған қарамай бәрі демейміз енді көбінесе оған қарамай сатып жатыр. Оған енді былай айтқанда қазіргі заң жағынан заңгерлер аса қолдана алмай жатыр. Неге десеңіз, қазіргі уақытта бізде мораторий жүріп жатыр.