Қызылорда облысында егінге орақ түсті
Қызылорда облысының диқандары бақша, көкөніс өнімдерін жинап алып, күздік бидай, сұлы, арпа секілді дәнді дақылдарды оруға кірісті. Одан бөлек мал азығын дайындауда. Жалпы Сыр диқандары ағымдағы жылы 193 мың га егiн еккен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың га артық. Оның 90 мың га күрiш егілген. Әзірге қолда бар 4 мыңдай техниканың 80% дала жұмыстарын атқаруға дайын. Тамыздың аяғына қарай күрішке орақ түседі. Диқандардың ендігі уайымы – алқапқа су жеткізу және жанар-жағармай қорын жасақтау.
Асылжан Жарылқасынов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
- Күзгі егін жинау жұмыстарына облыс бойынша 9,1 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол 4 оператор арқылы шаруашылықтарға жеткізілетін болады. Жеткізу бағасы егістік басына дейін 265 тг литріне болып бекітілген. Бүгінгі таңда 9,1 мың тонна дизельдің 3,9 мың тоннасы облысқа жеткізіліп, шаруашылықтарға таратылуда.