Хабар телеарнасы

Қазақстан ІТ өнімдер мен қызметтер экспортын $500 млн жеткізуге ниетті

Биыл Қазақстан ІТ өнімдер мен қызметтер экспортын 500 млн долларға жеткізуге ниетті. Былтыр ол 330 млн доллар болған. Үкіметте оны іске асыру тетіктері қаралды. Ең маңызды міндет өңірлерінде жаңа технологиялық хабтар ашу. Бүгінге дейін 9 алаң құрылған, жыл соңына дейін тағы 4 хаб іске қосылады деп жоспарлануда. Сондағы мамандардың күшімен веб-сайттар, платформалар, ақпараттық жүйелер, стартаптар жасалады. Біздің сыртқа сатқалы жатқан ІТ өнімдеріміз негізінен осы. Жасанды интелект бойынша да әмбебап жобалар жасау көзделіп отыр. Жалпы еліміз бойынша 180 мың адам осы ІТ салада жұмыс істейді.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
-ІТ экспортты дамыту жолында біздің қазақстандықтарымыз жұмысқа орналасады. Үлкен жалақы алады. Сондықтан ІТ саласының дамы бізге өте маңызды. Әрбір ІТ өнім экспортқа шыққанда шетелден бізге қаражат түсіп жатады.