Мәслихаттың мәртебесі өседі
Енді түрлі заң жобаларын қарау барысында аймақтардағы мәслихат депутаттарының да ұсынысы ескеріледі. Мұны бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. Аудандағы депутаттармен онлайн байланысқа шыққан спикер биыл салық, бюджет, қала құрылысы және су кодекстері секілді өңірлерге тікелей қатысы бар заңдар қабылданатынын айтты. Келісіп пішкен тон келте болмас, бұл мәселеде мәслихаттардың пікірі маңызды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Президентіміз экономиканың жаңа салаларын дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытына да үлкен көңіл бөлініп отыр. Халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін кешенді іс-шаралар да жүзеге асырылып келеді. Елдің игілігіне арналған осы бағыттарда бірлесіп, нәтижелі жұмыс істеуіміз қажет.