Күмбірле, қоңыр домбыра. Алматыдағы Орталық Мемлекеттік музейде ұлт тұлғаларының қолы тиген 30-ға жуық аспап қойылды.
Музейде 200-ден аса аспап бар. Соның 60-ы домбыра. Арасында Абайдың жары Ділдәнің тиегі сүйектен жасалған аспабы бар. Әміре Қашаубаевтың Париж төрінде тартқан домбырасы да осы жерде.
Домбыра күні қарсаңында күйші Секен Тұрысбек 30 жыл серігіне айналған домбырасын музей қорына табыстады. 6 мың жылдан бері үзілмей келе жатқан қоңыр үн келушілерді ерекше күйге бөледі.
Секен Тұрысбек, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, күйші:
- Қазақтың салты, дәстүрі, күйі, әні, биі, айтысы – қазақ тарихымен бірге жасасып, біте қайнасып келе жатқан бір ұлы құбылыс. Бұған дейін Алматыда музей күніне орай ширек ғасыр бұрын киген шапаным мен құндыз бөрігімді осы Ұлттық музейге сыйға тартқан едім. Енді бүгін, Домбыра күніне орай, өзімнің бір домбырамды да музейге сыйға тартқым келіп отыр.