Ұлттық ұлан сарбаздары Астана күніне музыкалық тарту әзірлеп жатыр. Шілденің 5-6-сы күндері елордада дәстүрлі «Әскери керней» музыкалық фестивалі өтеді. Оған Ұлттық ұлан мен мемлекеттік құқық қорғау органының Президент оркестрі, Мемлекеттік күзет қызметі, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінің шығармашылық ұжымдары қатысады. Фестиваль бағдарламасы қала саябақтары мен өзен трамвайындағы ерекше қойылымдардан басталып, 6 шілдеде «Қазақ елі» алаңындағы гала-концертпен аяқталады.
Әлібек Әбділов, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның ресми өкілі:
-Әскери керней әскери музыка фестивалі жалпы Ұлттық ұланның бастамасымен өткізіліп жатқан шара. Биыл ол он бірінші рет өткізілетін болады. Есіл өзенінің бойымен оркестр жүріп өтіп, жағалауда жүрген қала тұрғындары мен қонақтарын өз өнерімен тәнті етеді деп ойлаймыз.