Шымкенттегі халықаралық әуежай терминалы қашан пайдалануға беріледі?
Шымкентте халықаралық әуежай терминалының пайдалануға беру мерзімі келесі жылға шегерілді. Салаға жауапты басқарма өкілдерінің айтуынша, инвестор ескі әуежайдың ұшу айлағын 900 млн теңгеге сатып алуы тиіс. Себебі жолаушылар тасымалы мен көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту үшін тағы 6 гектар жер керек. Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары 60% аяқталған. Шатыры жабылып, қасбеті толық монтаждалды. Сондай-ақ инженерлік желілерді тартуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлен.
Ролан Ибрагимов, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Көтерілген мәселенің бәрі шешіліп тұр. Қазір қаржы басқармасы сол 6 гектарды сату бойынша инвестормен келісімшарттар жүргізіп, қателеспесем, 3 айда төрт траншпен аталған жер учаскесін сатып алады. Ол сол жерде өзінің телескопиялық траптарын қою керек.