Енді азаматтар салықты табысына байланысты төлеуі мүмкін
Енді азаматтар салықты табысына байланысты төлеуі мүмкін. Жеке табысы неғұрлым жоғары болса, салық көлемі де соғұрлым көп болады. Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық кодексіне осындай өзгеріс енгізбек. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, құжат 2025 жылы қабылданады. Оған сәйкес, банктер де операция мен құнды қағаздардан тапқан пайдасынан салық төлейді.
Әлия Жетібаева ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті әдістеме департаментінің директоры:
-Қазір Мәжіліс отырысында салық кодексіне бірнеше өзгерістер енгізіліп жатыр. Соның ішінде банк операцияларын 2025 жылдан бастап корпоративтік табыс салығымен салық салынады деп сондай нормалар өтіп жатыр.