Қызылорда облысында егін ору науқаны кеш басталды
Биыл Қызылорда облысында егін егу маусымы кезінде су тапшы болып, күріш 15 күн кеш пісті. Салдарынан кейбір шаруалар науқанды кеш бастады. Түсім де жоспарға сәйкес келмейді. Биыл 89 мың гектар жерге егілген күріштің 70% орылған. Облыс бойынша жиын-терім науқанын 10 қазанда аяқтау жоспарланып отыр.
Ерболат Әбенов, шаруа қожалығы төрағасының орынбасары:
-Оның үстіне Лидер күріші Кубаньға қарағанда 4-4,5 мың килокалория күннің сәулесімен өсетін өсімдік болғандықтан оның уақыты жетпей, дәл осы тамыз айында ауа райы салқындап кетіп, осындай кешігіп жатырмыз.
Жандос Еркінбек, Қармақшы ауданының әкімі:
- Кейбір шаруашылықтарда электр насостарын қосып, дизель насостарын қосып, сондай насостардың күшімен су тартып, оны әрі қарай кептіріп, егін жұмыстарын жинап жатырмыз. Қатты қиналып жатқан шаруашылықтарға мемлекет тарапынан да, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан да, көршілес шаруашылықтардың тарапынан да көмектер болып жатыр.