Жамбыл облысының екі ауданында өтетін сайлауға 8 үміткер тіркелді
Жамбыл облысында екі ауданның әкімін халық сайлайды. Тұрар Рысқұлов және Жуалы аудандарында өтетін сайлауға 8 үміткер ұсынылып, құжаттарын тапсырды. Оның төртеуі партия атынан қатысса, төртеуі өзін-өзі ұсынған. Барлығының білімі жоғары, еңбек өтілі жеткілікті. Олар кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы саласы мен мемлекеттік қызметте жұмыс істеп жүргендер. Қос ауданда саяси науқанды өткізуге 82 сайлау учаскесі дайындалды.
Серғали Айдапкелов, облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы:
-Облыстық сайлау комиссиясы, аудандағы сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарларын, хатшыларын осы аудан әкімдерінің сайлауын дайындап өткізу тұралы семинар кеңес өткізілді. Олар тест тапсырды. Білімдері нақтыланды. Олар, мысалы, бүгінгі күнге ауданда сайлауды өткізуге дайын.