Қызылорда облысында кірпіштен заманауи киіз үй салынды
Жалағаш ауданының тұрғыны әулеттің қарашаңырағын көшпенділер баспанасымен пішіндес еткен. Есіктен енгеннен бастап, үй іші қазақы салт-дәстүрге сай жабдықталған. Көне сандық үстіндегі жиылған жүк, төрге ілінген домбыра - келген қонақты ерекше әсерге бөлейді. Этностильдегі үй заманауи талаптарға да сай келеді. Асхана, жатын бөлмелері де бар. «Осындай ұлттық құндылықтарды жас буын ұмыт қалдырмасын деген ниетпен ауылдағы қарашаңырақты ерекше үлгіде салып отырмыз» ,-дейді үй иесінің туысы.
Кенжегүл Еспенбетова, үй иесінің туысы:
- Жастар да қызығады. Келешек олардың да ойында болады, келіп көріп кеткендердің. Салуға болады екен деп. Таңғалған кісілер көп енді. Сырттан да келіп көріп кеткендер көп. Ішін енді қолдан келгенше түлкінің терісін, қасқырдың терісін, қазақтың дәстүрлерін іліп қойғымыз келеді.