Петропавлда қар аралас жауған жаңбыр тұрғындарды әбігерге салды
Ауа райының қолайсыздығынан қала көшелерінде көктайғақ. Салдарынан тек соңғы тәулікте облыс орталығында 17 жол көлік оқиғасы тіркелген. Тайып жығылып, жарақат алғандар да бар. Қазір коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Олар көшелерге құм сеуіп әлек. Жолдар мен аялдамаларды көктайғаққа қарсы материалдардармен өңдеу үшін биыл 2200 текше метр құм-тұз қоспасы дайындалған. Тек соңғы үш күнде 180 адам медициналық көмекке жүгінген.
Валерий Грибашов, аурухананың бөлім меңгерушісі:
-Оның 63-і көшеде құлап жарақат алған. Дені егде жастағылар екенін айта кету қажет. Науқастардың көбі иығын шығарып, қол-аяғын сындырып алған. Екі азамат бүгінде ауруханаға жатқазылды. Олар енді осында ем қабылдайды.