Хабар телеарнасы

Елордада Қытай модернизациясын зерттеу орталығы ашылды

Шараға ғалымдар, дипломаттар мен екі ел министрліктерінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Отандық ғалымдар Қытайдың экономикасын, өндірісін, инфрақұрылым және қызмет көрсету салаларын зерттеуге кірісті. Аспанасты елінен келген қоғамдық ғылымдар академиясының директоры Сунь Чжуан-чжидің айтуынша Азияның бірнеше елінде осындай зерттеу орталықтарын ашу жоспарланған.

Сунь Чжуанчжи, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының директоры:     
-Қытай және Қазақстан үшін қазір маңызды кезең. Себебі жыл сайын тек дамуы керек. Осындай орталықтар, талқылау алаңдары болғаны дұрыс. Қазір Қазақстан Президенті ашық саясатқа үлкен ден қоюда. Бұл жағынан Қытайдың тәжірибесі көп. Модернизацияны зерттеу кезінде әлеуметтік және экономикалық басқа да бағыттардың озық үлгісін көреді деп ойлаймын.