Жол апатынан бала өлімі көбейген
Елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан балалардың қаза болу дерегі жыл басынан бері 14% көбейді. Мұны Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті мәлімдеді. Жол апатынан жапа шеккендердің 3% балалар. Бұл келеңсіздіктің негізгі себебі – қарапайым жол ережесін сақтамау. Түйткілдің тағы бір қыры – оқушылардың жол жүру тәртібін білмеуі. Еліміздегі білім беру мекемелерінің 40% ғана жол ережелерін оқып-үйрену алаңдарымен жабдықталған.
Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
-Бүгінгі таңда мектептердің тек 65% ғана жол жүрісі қауіпсіздігі сыныптары бар. Балалардың жол көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында барлық оқу орындарында тұрақты негізде жаяу жүргіншілердің жол жүрісі қағидаларын сақтануына және балаларды тасымалдау кезінде балаларды ұстау құрылғыларын пайдалануға бағытталған құқықтық түсіндіру және насихат жұмыстары жүргізіледі.