Қостанай облысында жол мәселесі шешілмей тұр
Жезқазған мен Арқалықтың арасындағы жол жөндеу көрмеген. Былтыр бөлінген қаржыға тек су құбырлары ғана жөнделіпті. Ал облыстағы Міржақып пен Ахмет атындағы ауылдардың жайы тағы бар. Себебі былтыр 50 шақырымын жөндеу үшін 1 млрд 100 млн теңгені мердігер жеңіп алған. Дегенмен жөндеу жұмыстарын бастамаған. Енді Жангелді ауданының әкімдігі мен мердігер сот арқылы шартты бұзуға ниетті. Ал облысы әкімінің айтуынша, келесі жылы сол қаржы қайта бөлініп, осы мәселе ретке келуі бек мүмкін.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Өкінішке қарай ондай факт бар. Былтыр да Жангелді ауданына барған кезінде халықпен кездескен кезінде де осы жол туралы айтылған. Көтерілге сұрақ. Жарты жол жөндеуден өтті. Енді жарты жол қалып отыр. Жеңіп алған бір қарағандылық мердігер ұтып, бірақ ештеңені істеген жоқ. Мінекей, ақшамыз бар, дайын тұр. Істемейсің бе? Істеген жоқ.