Астанада алғашқы Орталық Азиядағы әлеуметтік кәсіпкерлердің құрылтайы өтті
Жиынға Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түрікменстаннан арнайы өкілдер және 300 кәсіпкер қатысты. Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, елімізде 600 аса әлеуметтік кәсіпкер бар. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолдау күшеймек. Мәселен, 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріледі. Іскерлік байланыстар мен бизнес жүргізу бойынша ақпараттық қолдау да болады. Себебі әлеуметтік кәсіпкерлердің басым бөлігі экожүйе бойынша кәсібін дамытуда.
Жұмагүл Әлімхан, әлеуметтік кәсіпкер:
- Қазіргі таңда біз логиканы дамытатын ұлттық нақышта ойыншықтар жасаймыз. Командада көпбалалы аналар жұмыс жасайды. Бізде фламинго, бүркіт ойыншықтары бар. Әр бала өзінің Қазақстанда бар жануарын біліп өсетін болса, таза патриот болып өседі. Қазақстанда өндіріледі. Семейде өздеріңіз білетіндей ағаш заводы бар. 98% Қазақстанда өндіріледі.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Маңызды жиынға келген Орталық Азиядағы бауырлас елдерден және Ресейден меймандарымыз да қатысуда. Жаңадан құрылып отырған мұндай диолог алаңы, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға және елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен үлес қосады деп сенемін.