Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы басталды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған жоба жалпы ұзындығы 152 шақырымды құрайды және ол елімізді көрші Өзбекстанмен байланыстырады. Құрылыс екі кезеңнен тұрады. Әуелгіде Сырдария стансасына шығатын Ердәуіт Мақтаарал желісі, екінші кезеңде Жетісай мен Өзбек шекарасына шығатын тармақ салынады. Теміржол құрылысы аясында 3400 жұмыс орнын ашылады, сондай-ақ жобаның Қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды. Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі қолданысқа берілген соң жүк айналымы 10-14 млн, ал келешекте 25 млн тоннаға дейін артады деп күтілуде.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
-Өткен жылы теміржолдармен тәуелсіз Қазақстанның 30 жылындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданды және 245 млрд тонна километрді құрады. Биылғы жылдың соңына дейін Өзбекстанның қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемі шамамен млн тоннаны құрайды деп болжаймыз. Бүгін біз Дарбаза – Мақтарал ірі теміржол жобасының құрылысын бастаймыз. Осы учаскенің өткізу қабілетін кеңейту елдің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттырады және Түркістан облысының дамуына өзінің оң ықпалын береді.