Петропавлда соңғы он күнде көктайғақ салдарынан 430 азамат жарақат алды
Петропавлда соңғы он күнде көктайғақ салдарынан 430 азамат жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Науқастардың дені егде жастағылар. Текке өткен демалыс күндері 56 азамат аяқ-қолын сындырып алған. Қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолы және аялдама маңы көктайғақ. Сондықтан коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Екатерина Белоусова, қалалық көпбейінді аурухананың баспасөз хатшысы:
-Бір айда 720 адам көшеде тайып құлап жарақат алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп. Демалыс күндері көмекке жүгінген науқастардың 17-і ауруханаға жатқызылып, операция жасалды.