Депутат Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің жұмысын сынға алды
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи жаңадан құрылған заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитеттің жұмысын сынады. Ол Бас прокуратура жанынан осыдан тура 2 ай бұрын құрылған.
Алайда осы аралықта қандай іс тындырылғаны жөнінде еш дерек жоқ. Ермұрат Бапи комитеттің ықпалымен елге қайтарылған активтер бар ма? Болса, оның көлемі қанша екенін жариялауды сұрады.
Сондай-ақ арнайы орган жұмысын жеңілдету үшін шетелде жасырылған 300 млн доллар туралы жеке өзі қол жеткізген деректі айтып берді.
Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Ал Берік Ноғайұлы, Тимур Құлыбаевтың атжалмандары ұрлаған акивтер жөніндегі ақпаратты сіздің өзіңізге қосымша жолдаймын. SK PETROLEUM серіктестігінен келіп түскен ақпарат «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры консорциуымынан директоры Талғат Жұмаділдаев пен оның ұлы Абылай Жұмаділдаевқа қатысты. Шетелге жылыстатылған 300 млн доллар активтің қайда жатқанын көрсетіп отыр. Нақты өзі көрсетіп отыр, осында іздеудің қажеті жоқ. Сіздерге барып соны елге қайтару ғана.