«Саламатты Қазақстан» жобасы мәреге жетті
18 мың шақырым, 121 станция мен 90 мыңға жуық тұрғынға медициналық көмек. «Саламатты Қазақстан» жобасы мәреге жетті. 2010 жылдан бері медициналық мекемелері жоқ шалғайдағы өңірлерге барып, тұрғындарға көмек көрсететін медициналық пойыз биыл 8 ай тоқтаусыз жұмыс істеп, 17 облыстың шалғай өңірлерін қамтыды. Көмек алған 89 мыңнан аса пациенттің 20 мыңға жуығы – балалар.
Мамандар жиыны 195 мыңға жуық консультация өткізіп, пойыздың арнайы жабдықталған бөлігінде 11 мыңнан аса шағын хирургиялық ота жасады. Саламатты Қазақстан жобасының биылғы ерекшелігі – тұрғындарға құқықтық, медиациялық қызметтер де көрсетілді. Бұл бағытта 10 мыңдай адам көмек алды. Барлық қызмет тегін.
Гүлнәр Сәрсенбаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары:
– Пойыздың жүргені графика бізде болды тіркелген. График бойынша әр елді мекенді хабарласып, халыққа айтамыз, осындай уақытында, осындай күнде пойыз келеді. Пойыздың қызметкерлері соңына дейін пациенттерге прием жасады. Енді егер пациенттің жағдайы нашар болса немесе жедел көмек керек болған кезде, ондай пациенттерді қалаға жіберетін. Ондай жағдай да болды. Жоспарланған тексеру жүргізілді. Жоспарлы түрде.