Хабар телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында аяз

Бүгін таңертең сынап бағанасы -32 градусқа дейін төмендеді. Синоптиктердің болжамы бойынша, мұндай температура келесі аптаның басына дейін жалғасады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық сынып оқушылары онлайн оқып жатыр. Ал полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, жолдарда күні-түні кезекшілік етуде. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жедел әрекет ету штабын құрды.