Ақмола облысында түрмеде отырған азаматқа пәтер берілген
Ақмола облысында пара алып, түрмеде отырған азаматқа мемлекеттік бағдарламамен пәтер берілген. Арнайы тексеріс барысында облыстық прокуратура баспана кезегіне тұрып, заңсыз үй алған осы сияқты 23 адамды анықтады. Тіпті екі азаматтың әлеуметтік осал топтарға берілуі тиіс пәтерлерді заңсыз алғаны әшкере болды. Олар бұл баспаналарда тұрмаған. Жалға беріп, пайда тапқан. Жалпы соңғы үш жылда қалалық әкімдік 900-ге жуық азаматқа пәтер кілтін табыс етті. Қазір 23 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
Фаризат Дайыр, облыстық Прокуратура басқармасының прокуроры:
-Коммуналдық тұрғын үйді заңсыз жалға беру, сонымен қатар бюджетке 50 млн теңгеге жалдау төлемдерін төлемеу, оған қоса табыстарын алдын ала тексермей, аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй қорынан үй беру фактілері анықталды. Бүгінгі күнде аталған тұрғын үйлерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар қайта бөлінеді.