Қазақ қызы Қытайды мойындатты
Қытайда Димаш Құдайбергеннен кейін «Достық елшісі» наградасын алған кім екенін білесіз бе?
Астаналық Әлинұр Жеңіс 10 жылға жуық екі ел арасында алтын көпір болып келеді. Сол үшін де бірнеше жыл бұрын аталған марапатқа ие болған. Алайда Қытайда танылған қазақ қызын, елімізде көпшілік біле бермейді.
Әлинұр осыдан 15 жыл бұрын Қытайдың Буыршын ауданынан атамекенге қоныс аударған қандасымыз. Жас кәсіпкер аспан асты елінде жинаған тәжірибесін Қазақстанда іске асырып жүр. Әрі екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруға да елеулі үлес қосып келеді.
Әлинұр Жеңіс, жеке кәсіпкер:
- 2015 жылы балалар мерекесінен бастап осы Қытай-Қазақ екі ел арасындағы форум болады, инвестиция тарту болады, сауда-саттық болады, бәрімен айналыстым. Үлкен-үлкен іс-шаралар, ЭКСПО шарасы болды Қытайдың. Экспо кезінде Қытайдың 26 облысында форум, выставка жасап насихаттадым.
Осылайша қос елдің арасында «халық дипломаты» атанған Әлинұр Димаштың ізін ала Қытайдың «Достық елшісі» наградасымен марапатталды. 1,5 млрд қытайды мойындатқан қазақ қызы қазір отандық косметика өндірісін қолға алған. Арманы – қазақстандық бренд өнімдер қатарын көбейту.
Әлинұр Жеңіс, жеке кәсіпкер:
- Тек қана ет пен сүтті тікелей шығару емес, осы жерден жартылай өңдеп, сол түрлі, сүттен түрлі өнім шығаруға болады, еттен де түрлі нәрсе шығаруға болады. Соның бәрін көбейтіп, тағамға мән берсек дұрыс болады деп ойлаймын. Өйткені қазір Қытаймен немесе Еуропамен өндірісте сәйкесу сәл қиындау.
Үкіметтен қолдау болып жатса, алдағы уақытта өзі өндіріп отырған косметикалық өнімдерді де сүт немесе басқа пайдалы қоспалардан жасауды көздейді.
Ал екі ел арасындағы «Достық елшісі» қызметін ешқашан тастамақ емес.
Дамир Берікұлы, Айдос Меделбеков