ТЖМ: Сейсмикалық жағдай тұрақты
Бүгін түнде Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Алматыда 5 балл, Шымкентте 2 балл дүмпу болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді. Жарты сағаттан кейін магнитудасы 2 балл көлемінде тағы қайталанды. Мамандар мұны афтершок дейді. Республикалық жедел штаб құрылды. Сейсмологтар жер дүмпуін Орталық Азияның барлық елі – Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан елдерінің халқы сезгенін айтады. Мамандар «сейсмикалық жағдай тұрақты»,— деп отыр. Қала әкімінің басшылығымен штаб ашылды.