Ақтөбеде оңалту орталығы ашылды
Ақтөбеде онкологиялық дертке шалдыққан науқастарды оңалту орталығы ашылды. Онда бір мезгілде қатерлі ісіктің салдарынан ағзасы әлсіреген 20 азаматқа кешенді ем-дом жүргізіледі. Орталық заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Ал мамандары қосымша дайындық курстарынан өтті. Орталықта науқастарға психологиялық қолдау да көрсетіледі.
Әсет Қалиев, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің ректоры:
-Химиотерапия, дәрілер ол енді ісікке әсер еткенімен организмге де теріс әсерін тигізеді. Сәулелік терапия. Сондықтан осы жерде сол емнің әсерінен онкологиялық ісіктің ағзаға келген кері әсерін қалпына келтіруге, ағзаның бұзылған функцияларын тезірек ретке келтіруге осы жерде мүмкіндік беретін толық жағдайлар бар.