Хабар телеарнасы

СҚО-да телемедицина пилоттық жобасы іске қосылды

Енді қаладағы дәрігерлер, шалғайдағы науқастарды онлайн қабылдап, ем көрсете алады. Тың жүйе әзірге Петропавлдағы ауруханалар мен 16 ауылға енгізілді. Оған электрокардиограмма, ультрадыбыстық сканер, камера секілді озық құрал-жабдықтар қосылған.

Қазақстан мен Францияның бірлескен жобасы 100 мыңнан аса ауыл халқына сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі
- Қазіргі кезде әсіресе ауылдық жерлерде дәрігерлердің жетіспеуіне байланысты осындай қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтің түрлерін телемедицинаны дамыту қолға алынды. Осы СҚО әріптестерімізбен бірге ең үлгілі сол көп елде қолданылатын жаңа технологияны осы өңірге енгізудеміз.