Теміртаудағы жарылыстың алдын ала себебі белгілі болды
Теміртау қаласындағы екіқабатты дүкенде газ жарылғаннан кейін абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазір жарылысқа қатысты екі болжам айтылып отыр. Алғашқысы - дүкенге жапсарлас орналасқан гаражда газбен жүретін көлік болған. Метан содан тарауы мүмкін. Ал зардап шеккен 1993 жылғы әйел дүкеннен оттық сатып алып, оның жанатынын тексерген кезде жарылыс болған. Екінші нұсқа - ғимаратқа келіп тұрған табиғи газ құбырында ақау болған деген болжам.
Ораз Тәуірбеков, Теміртау қаласының әкімі:
- Газ баллоны шығарылған. Ол жарамды және жарылған жоқ. Сол себепті екінші нұсқа қалып отыр – ол табиғи газ. Бірақ қазір тергеу шеңберінде тиісті қызметтер арқасында нақты себеп анықталатын болады.