Өскемендік ғалымдар жылдам талдама жасайтын аппарат ойлап тапты
Өскемендік ғалымдар жылдам әрі нақты талдама жасайтын аппарат ойлап тапты. Оның көмегімен 14 минут ішінде 150 ауру түрін анықтауға болады. Химик мамандар диагностика жасайтын техниканы мемлекеттік емханаларға тегін орнатып бермек. Жалпы құрылғы шетелдік нұсқаларға қарағанда өте арзан әрі диагнозды дәл қояды. Мұны дәрігерлер де жоғары бағалап отыр.
Рая Рахимова, медициналық орталықтың бас дәрігері:
-Мәселен, шетелден әкелінген аппарат сынып қалса, жөндеу үшін біз арнайы шебер шақыртамыз. Оны бірнеше күн күтуге тура келеді. Ал өзіміздің жергілікті ғалымдардың бұл туындысы өте тиімді. Бұл құрал барлық емхана, ауруханаға қойылса науқастарға да ыңғайлы болар еді.