Тегін такси: Өскеменде еріктілер жаураған жұртқа қол ұшын созды
Өскеменде еріктілер жаураған жұртқа қол ұшын созып, өзгеге үлгі көрсетуде. Өйткені 35-40 градустық аязда қоғамдық көліктер кестеден кешігіп, аялдамалар адамға толған. Белсенділер мен мешіт қызметкерлері бірлесіп, діттеген жеріне жете алмай, тоңып тұрған жолаушыларды тегін тасып жүр. Қарт кісілерді үйлерінің алдына дейін жеткізіп, алғысын алуда. Қала шетіндегі ықшам аудан тұрғындары да назардан тыс қалмады. Еріктілер күніне шамамен 50 адамға көмек береді.
Төлеухан Әзірханов, ерікті:
-40 градусқа дейін аяз боп жатыр, сол адамдарға аязда тоңып қалмасын деп автобустар да жүрмей жатыр. Ізгі істер істеп жатырмыз. Басқа да жас адамдарды шақырамыз.