Тасқынның қаупі күшейді
Наурыз айының соңында еліміздің солтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін. Себебі күн күрт жылынып, қар тез ери бастайды. Бұл туралы бүгін «Қазгидромет» хабарлады. Сол үшін дайындықты күшейту қажет. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, табиғат апатының алдын алу үшін ел бойынша 7 млрд теңге бөлінген. Жыл басынан бері елді мекендерден 15 млн текше метр қар сыртқа шығарылыпты. Су қоймаларынан да қауіп төнуі мүмкін. Себебі 100-ден астам гидротехникалық нысан шұғыл жөндеуді талап етеді. «Алайда Су ресурстары және ирригация министрлігі үрейленуге негіз жоқ», — дейді.
Мақсат Аяшев, ҚР СРИМ комитет төрағасының орынбасары:
-Соның барлығында бос су сыйымдылықтары көзделген. Жартысына жуығы ортайтылған. Одан басқа күрделі авариялық жағдайы бар су қоймаларды транзиттік жағдайға қойып отырған болатынбыз. Сондықтан қазір болжамына қарай режимін реттейтін боламыз.