Мемлекеттік сатып алуға конкурстарды өткізу рәсімі 1 айға қысқартылады
Мемлекеттік сатып алуға конкурстарды өткізу рәсімі 2 айдан 1 айға қысқартылады. Депутаттар бұл шара сатып алу рәсімдерінің созылып кетпеуіне кепіл боларына сенімді. Құжат көмегімен құрылыс нарығындағы монополияны да жою көзделіп отыр. Шарттың тиісінше орындалуын қадағалау үшін қоғамдық кеңестер тартылмақ.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алудағы барлық процес автоманттандырылады. Осы және өзге де өзгерістерді қамтитын заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.
Мәди Такиев, ҚР Қаржы министрі:
- Сатып алу рәсімдерінің созылып кетуін болдырмау мақсатында қорытындыларды қайта қарау жөніндегі функция ұйымдастырушыға беріледі. Ұйымдастырушы базасында жоғары тұрған орган – бақылаушы орган, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен шағымдарды қарау жөніндегі комиссиялар құрылады.