Құлсарыдағы «3-ауыл» ықшамауданының азаматтары ауылды су басудан алып қалған
Құлсары қаласындағы «3-ауыл» деп аталатын ықшамауданның азаматтары бірліктің арқасында ауылды су басудан алып қалған. Олар судың жайылатын тұсына өз күштерімен жағалау бөгеттерін көтеріп, қолда бар құрылыс материалдарымен бекітіп қойған. Нәтижесінде сол маңдағы үйлерге су кірмеген.