Батыс аймақтарда су тасқынының екінші толқыны болжанып отыр
Ауқымды су көлемі Ресейде айтарлықтай шығын келтіріп, Орал мен Атырауға қарай жылжып келеді. Сондықтан өңірлердегі гидротехникалық нысандардың жай-күйі тексеріліп, барлық қажет шаралар қолға алынып жатыр. Жайықтың жайына тоқталсақ. Өзен жағасындағы Орал қаласы мен Бәйтерек, Ақжайық, Теректі, Бөрлі аудандарда, шамамен 204 мың адам тұрады. Бұл дегеніміз 47 мыңға жуық үй су астында қалуы мүмкін деген сөз. Су деңгейі 7,2 метрге жеткен. Болжамға сай, ол 8 метрге дейін көтерілсе, жақындағы ауыл-аймақтарды су басу қаупі бар. Сондықтан биіктігі 1,5 метр қорғаныс бөгеттері салынды. 7 мың құм толтырылған қапшық қойылып, 4,5 км жерге биіктігі 2 метр топырақ төселді. Жағалауды нығайту жұмыстарымен республикалық штаб жетекшісі, Премьер-министр Олжас Бектенов танысты. Ол: «Басты міндет – Орал мен Атырауды тасқыннан сақтап қалу»,— деді.
Төлеуіш Нұржан, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:
-Жайық өзенінің жағалауына жақын орналасқанда тұрғын үйдегі халықты құлақтандыру және алдын-ала эвакцуациялау жұмыстары қарқынды. Күнделікті тексерсі, күнделікті мониторинг жүріп жатыр. Жалпы құрамы 1900-ден астам жеке құрам жұмылдырылды.