Қарағанды облысында жыл басынан бері есірткіні сатумен айналысқан 78 интернет-ресурс бұғатталды
Қарағанды облысында жыл басынан бері есірткіні жарнамалап, сатумен айналысқан 78 интернет-ресурс бұғатталды. Әсіресе әлеуметтік желі арқылы жастарды нашақорлыққа, есірткі саудасына тарту белең алып барады. Мысалы, өткен жылы кәмелетке толмаған 6 баланың осындай қылмысқа қатысы бары анықталса, биыл 3 дерек тіркелген. Сол себепті полиция өңірдегі мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында 200-ден астам алдын алу, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Егер оқу орындарында есірткі саудалау фактісі анықталса кінәлі адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Данияр Жақұдаев, облыстық ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы:
-Әр балада қазір телефон бар. Олар әлеуметтік желіге кез-келген уақытта кіре алады. Ал енді есірткі сатушыларға келетін болсақ, олар түрлі жұмыстар ұсынады. Курьер, доставщик сияқты жұмыстарды. Балаларыңыздың әрқашанда сумкасын, портфельдерін, телефондарын тексеру керек. Оған тиесілі емес ақшалай көп қаражат табылған жағдайда ата-аналар күдік туғызуы керек.