Атырау облысында 524 келі бекіре тәркіленді
Атырау облысында полиция қызметкерлері браконьерлерден 524 келі бекіре мен 2,5 келі қара уылдырық тәркіледі. Еліміз бойынша 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре 2024» шарасы өтіп жатыр. Оған Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы барлық күштік құрылымдар жұмылдырылған. Осы іс-шара басталғалы Атырау облысында заңсыз балық аулаумен айналысқандарға қатысты 7 құқықбұзушылық анықталып, бесеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Әбдіғани Сейдуәлиев, облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары:
-Енді осы заңсыз балық аулаумен айналысқандардан 7 қайық пен 8 автокөлік тұраққа қойылды. Қазіргі таңда осы қылмыстық істер бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүруде. Қылмыстық істер сотқа жолданады.