«Жасыл аймақ» апталығына түркістандық ардагерлер атсалысты
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығына түркістандық ардагерлер де атсалысты. «Парасат» саябағына 100 бозарша көшетін отырғызды. Ақ жаулықты әжелер де қалыспады. Жаңа ботаникалық бақта тропикалық өсімдіктер мен гүлдердің көшетін екті. Гүлдердің дені шетелдерден әкелінген.
Биыл қаланы абаттандыру мақсатында 100 мыңнан аса гүл көшеті егілмек.
Рыс Ташметова, қалалық әжелер алқасының мүшесі:
- Өз үлесімізді қосайық деп келіп, гүл егіп жатырмыз. Әжелердің барлығы бір-бір күрек ұстап, гүл егіп жатыр. Үйде қарап отырмайық, бұл біздің балаларымыздың келешегі ғой. Дүниежүзінен келген ағаштар, небір гүлдер көзің жайнайды кәдімгі. Ауа райы таза болса, адамның денсаулығы мықты болады.
Ал Қызылорда облысында мәдениет, білім және спорт саласының қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәліз бойын қоқыстан тазалап жатыр. Тыңайтылған аумаққа тал егіледі.
Сонымен қатар ауылдардың кіреберіс жолдары да көгалдандырылады. Жастар жағы су жүру жолдарын ашып, ағаш егілген аумақты қоршап шығады.