Көкшетауда 78 отбасыға баспана беріледі
Бұған дейін тасқыннан зардап шеккен 11 шаңырақ қоныстойын тойлаған еді. Сондай-ақ 100-ге жуық адамға өтемақы төленеді. Бұл мақсатта қалалық қазынадан 49 млн теңге бөлінген. Ал 300-ден астам адам бір жолғы көмекке қол жеткізді. Еске салайық, наурыз айының соңында қаланың қақ ортасымен ағып өтетін Қылшақты өзені арнасынан тасып, 100-ден астам үй су астында қалған еді.
Қали Ахметов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
-368 адам 100 айлық есептік мөлшерінде алды. Төлем 135 миллион 900 мың теңге бөлінді. Олардың есепшоттарына түсті. Материалдық зардап шеккендердің арыз қабылдау тоқтатылды. Енді бағалаушы бағалауын жүргізгеннен кейін комиссия шешім қабылдайды.