Су тасқыны: Петропавлда саяжайлықтарға құрылыс материалдары тегін таратылады
Петропавлда көктемгі тасқыннан зардап шеккен саяжай тұрғындарына құрылыс материалдары тегін таратылады. Қала бойынша 3 мың саяжай аумағын су басқан. Қазір иелеріне мемлекет есебінен 100 айлық есептік көрсеткіші көлеміндегі біржолғы жәрдемақы төленіп жатыр. Ал саяжайдан басқа тұратын жері жоқ адамдарға пәтер немесе жаңадан салынып жатқан жер үй ұсынылады. Әзірге бұл тізімге 75 отбасы енгізілген. Енді олардың құжаттары тексеріліп, комиссия қарауына жіберіледі.
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
-Сумен бірге көптеген қоқыс келген болатын. Сол қоқысты жинау үшін қазіргі таңда Петропавл қаласы әкімдігі арнайы техника бөліп жатыр. Саяжайлардың тізімдері дайындалуда. Соған сәйкес жаңағы қоқыстардың барлығы шығарылатын болады.