Маусымда еліміздің біраз бөлігінде құрғақшылық болады
Мұны бүгін «Қазгидромет» хабарлады. Синоптиктердің сөзінше: «Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Маңғыстау және Қарақия аудандарында, Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы мен Қарағанды облысының Шет ауданында қуаңшылық болуы мүмкін. Ал Қатон-Қарағай мен Павлодар облысының Успенка ауданына керісінше, ылғал мол түседі» — деп болжанып отыр. Жалпы алғанда маусым айы ел бойынша әдеттегіден 1-2 градус ыстық болады. Ал егін егетін аймақтардағы ауа райы қалай болады?
Қамар Сәлиева, «Қазгидромет» АҚ басқарма басшысы:
-Қазіргі күні жауын-шашын және топырақтағы ылғал қоры жеткілікті. Ал енді жаз айларына келетін болсақ, енді алдын ала болжам бойынша жауын-шашын бұл өңірлерде норма шамасында және нормадан жоғары деп болжам отырмыз. Сол себепті жеткілікті ылғал қоры болады деп ойлаймыз.