Хабар телеарнасы

Жанкент қаласының іргесі VII ғасырда қаланған болуы мүмкін

Сыр өңіріндегі көне қалалардың бірі Жанкенттің іргесі VII ғасырда қаланған болуы мүмкін. Бұған дейін тарихи мекен  ІХ-ХІ ғасыр аралығында тіршілік еткен деп болжанған еді. Алайда ғалымдардың тұжырымы ескі шаһар орнынан жан-жануарлардың сүйегі көптеп табылғаннан кейін өзгерді. Оның ішінде дала мысығы – мәлім сүйегінің кездесуі археологтардың болжамын нақтылай түскен. «Бұл жануарды қолға үйрету Иран немесе Мысырда емес, Сыр бойында басталған деуге негіз бар»,— дейді зерттеушілер.

Эшли Харуды, Оксфорд университетінің археолог-палеозоологы:
-Қызылордаға Қорқыт ата университетінің шақыртуымен келдім. Менің әріптестерім Жанкент қалашығының орнынан түйе, сиыр, жылқы, қой, тіпті мысық пен балықтың да сүйегін тапқан. Алдағы уақытта соның барлығын жан-жақты зерттеуді жоспарлап отырмыз.