«KAZ Minerals Aktogay» мыс кенішінде жылына 50 млн тоннадан астам сульфидті кен өңделеді
Абай облысындағы «KAZ Minerals Aktogay» мыс кеніші 25 жыл бойы жемісті жұмыс істейді. Ашық типтегі кеніште жылына 50 миллион тоннадан астам сульфидті кен өңделеді. Ақтоғайдағы екі фабрика түгелдей автоматтандырылаған. Оған қоса тау-кен байыту комбинатында 10 жылдан бері жоғары сапалы мыс өндіріп келе жатқан кешен де бар.
Мыс кені осы жерде өндіріледі. Кәсіпорын оксидті және сульфидті деп аталатын екі бағыт бойынша жұмыс істейді. Мұндағы барлық техника автоматтандырылған. Соңғы үлгідегі дрондар, сканерлер мен георадарлар қолданылады. Өндірісте жұмысшылардың қауіпсіздігіне баса назар аударылған.
Думан Сүлейменов, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС карьер басшысы:
-Басқа да қызметтер жұмыс жасайды. Геологиялық, маркшейдірлік және де геотехникалық. Мұнда да заманауи технологиялар жұмылдырылған. Басты мақсат - қауіпсіздік. Соған бағытталған көптеген жүйе қолданылады.
Кен ең алдымен үгітіледі. Сосын конвейер арқылы қоймаға тасымалданады. Тек содан кейін ғана арнайы техниканың көмегімен ұсақталып, өңдеуге жіберіледі.
Ғани Советов, өндірістік басқарма басшысы:
-Диірменнен өткен рудамыз флотацияға түседі. Алынған өнім соңғы концентрат болып есептеледі. Оның құрамында 25% мыс өнімі бар. Сол концентрат ары қарай металлургиялық кәсіпорындарға жіберіліп тұрады. Қазіргі таңда 3 мың 4 мың тонна аралығында. Мельницамыз 40 футовый, жартылай ұнтақтаушы. Оборудованиеміз бәрі сапалы. Шет ел компанияларымен біркелкілікті жұмыс жасаймыз.
Ал бұл оксидті зауыт. Мұнда өндірілген кенге химиялық коспалар араластырылып, оны сұйықтыққа айналдырады.
Дәурен Байжігітов, тотыққан кендерді байыту қызметінің басшысы:
-Бұл Қазақстандағы ең ірі өндіріс орны. Жылдық өндірістік қуаты - 25 мың тонна. Біздің зауытта материалдар қалып қалмайды, бәрі өңделеді. Заманауи технологиялардың көмегімен 99% таза мыс аламыз.
Карьерде жүзден астам техника жұмыс істейді. Олардың жағдайы арнайы цехта бақыланады. Жүк көліктерін тәжірибелі мамандар қарап, үнемі тексеріп отырады.
Әнуар Жұмабаев, қызмет көрсету және жөндеу цехының басшысы:
-Цехта бірінші кезекте қауіпсіздікке мән береміз. Бұған қажетті жабдықтар, техникалар мен құрылғылар бар. Барлық жұмыс әлемдік стандарттарға сәйкес жасалады. Соның арқасында сапалы өнім шығарылады.
«KAZ Minerals Aktogay» кенішінде 3,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Барлық сатыдан өткен дайын өнім осы жерден шет елге экспортталады. Осылайша тау-кен байыту комбинаты ел экономикасының дамуына зор үлес қосып отыр.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Берік Жобалайұлы