Хабар телеарнасы

«Таза Қазақстан»: Павлодарда экодесант жасағы құрылды

Павлодарда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экодесант жасағы құрылды. Оның құрамында волонтерлар мен белсенді жастар бар. Олар әуелі үй аулалары мен балалардың ойын алаңдарын қоқыстан тазартты.

Сондай-ақ өңір тұрғындарын тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға дағдыландыру мақсатында сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды аралап, үнқағаздар таратты.

«Таза Қазақстан» акциясы Павлодар облысының барлық аудандары мен  қалаларында өтіп жатыр.

Арман Ысқақов, волонтёр:

- Осы акцияға Жастар бастамаларын қолдау орталығының еріктілері белсенді қатысып жатыр. Біз осы акция арқылы қаламыздың сұлулығын жақсарту үшін өзімізідң үлесімізді қосып отырмыз.