Хабар телеарнасы

Қазақстанда орманшылардың жалақысы көбейеді

1- қыркүйектен бастап шәкіртақы көбейеді. Үкімет қаулысына сәйкес колледжде оқитын жастар үшін шәкіртақы - 50 пайызға өссе, бакалаврлар - 47 мың теңге шкәрітақы алатын болады. Педагогика және медицина мамандығында оқитындарға - 75 мың теңге деп белгіленді. Магистранттар - 107 мың теңге, ал докторанттар ай сайын  - 240 мың теңге алады.

Сонымен қатар, орман және табиғат қорғау қызметкерлеріне ел қазынасынан 8,5 миллиард теңге бөлінді. 1-шілдеден бастап лауазымдық жалақыларына 100 пайызға дейін үстемақы беріледі. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойды. Олардың ішінде орман өртін сөндірушілер, тракторшы-машинистер, радио-операторлар, жабдықтары мен аппаратураларын жөндейтін қызметкерлер, өрт мұнарасының бақылаушылары бар. Жалпы 3 мыңнан аса қызметкер қосымша ақы алады. Ал 113 авиациялық күзет өрт сөндіруші-десантшының жалақысы көтеріледі.