Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері автогаз тапшы

Көгілдір отын кезегіне тұрған жүргізушілер сағат тосуға мәжбүр. Көлік газы облыс орталығындағы бірнеше бекетте ғана қолма-қол ақшаға саудаланып жатыр. Жергілікті билік өкілдері шілде айына Үкіметтен бөлінген 11 мың тонна пропан газының тәмәм болғанын айтып отыр. Сондықтан құзырлы министрлікке қосымша сұраныс жолданған.

Жалпы Ақтөбе облысына ай сайын шамамен 16 мың тонна көгілдір отын қажет. Алайда тамыз айына тағы да 12 мың тонна бөлінгелі отыр.

Сауалнама:

- Тұрғаныма 40 минуттай болды. Талон дейді көп жер. Осы жерде ғана беріп жатқан соң келдім.

- Келгеніме 1,5-2 сағаттай болып қалды. Енді жақында басталды ғой мына талонмен береді деген, очередьпен деген.

Алмас Салықбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

- Бізге қосымша көлем берілді. Соңғы көлеміміз ол 690 тонна. Ол мына Атырау зауытынан және өзіміздің СНПС мекемесінен. Қазіргі таңда міне, осы дүйсенбі күнінен бастап бірінші жаңағы айтылған 600 тонна біздің өңірге келуді басталады. Сондықтан осы барлық заправкаларға ол таратылатын болады.