Жамбыл облысында 103 келі кептірілген марихуананы тасымалдағандар ұсталды
Жамбыл облысында 103 келі кептірілген марихуананы жеңіл көлікпен тасымалдаған екі тұрғын ұсталды. Олар есірткіні Ақыртөбе ауылынан Астанаға жеткізбек болған. Мойынқұмның тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқан сәтте күдіктілер темір тұлпарға бензин құйып өртеп, өздері қаша жөнелген. Бірақ жүк салғыштағы қарасораға жалын жетпей қалған. Ұсталған күдіктілердің мүлкі тәркіленіп, сотталады. Жалпы аймақта есірткі қылмысы өршіп тұр. Жыл басынан бері 376 құқықбұзушылық тіркеліп, қылмыскерлерден 2 тоннадан аса есірткі тәркіленген.
Бауыржан Жанұзақұлы, облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
-Бюджеттен қазіргі таңда 8,5 миллион теңге бөлінді. 340 гектар ауқымда 302 тонна қарасора жойылды. Осы соңғы 2 айда есірткі затын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сақтап әрі тасымалдаған 23 қылмыскер ұсталып, олардың қылмыстары әшкереленді.