Хабар телеарнасы

Конституция күні елордада 10 сәби дүниеге келді

Астанадағы №2 перинаталды орталықта шақалақтарды өмірге әкелген аналардың кеудесіне көк Туымыз бейнеленген мерекелік төсбелгі тағылды. Гүл шоғы табысталып, сый-сияпат жасалды. 10 баланың алтауы – қыз, төртеуі – ұл.

Қалқаман Сарин, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ директоры:

- Ертең ес білгенде көріп, мемлекеті үміт артқан екен деп сезінсе, ертең біздің Туымызды, Елтаңбамызды қадірлейтін, қастерлейтін, Әнұранымызды асқақ шырқайтын азамат болады деп өседі деген арман.

Аида Батухан, қала тұрғыны:

- Бізге көрсетіліп жатқан сый-құрмет барлығы осы балапанның болашағына үлкен әсер етеді деп ойлаймын. Осындай мерекеде дүниеге келген баладан еліміздің патриоты өседі деген нақты сенімдемін.