Жыл басынан бері 50 мыңдай адам пневмонияға шалдыққан
Жыл басынан бері жарты жылда 50 мыңдай адам пневмонияға шалдыққан. Бұл былтырғы жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 20% көп. Мұны Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологы мәлімдеді. Наталья Латыпованың айтуынша, қазір өкпе ауруының микоплазмалық пневмония деген түрі өршіп тұр. Бұл 45 жасқа дейінгі азаматтар жиі шалдығатын өкпе инфекциясы. Індет таралуының шарықтау шегі күз-қыс мезгілдеріне келеді. Дәрігерлер одан сақтанудың жолы ретінде қоғамдық орындарға баруды азайтуға, бетперде киіп, иммунитетті күшейтуге кеңес береді.
Наталья Латыпова, ҚР ДСМ штаттан тыс бас пульмонологы:
-Бұл әдеттегі бактериялармен вирустарға тікелей қатысы жоқ, вирусты індетке ұқсас әдеттен тыс микрофлора. Ол өкпенің төменгі бөлігін зақымдайды. Бұл індетке негізінен кеңсе ұжымдары, жас азаматтар жиі шалдығады. 45 жасқа дейінгілер арасында таралуы да соған байланысты.