Қарағанды облысында референдумға дайындық пысықталды
6 қазанда Қарағанды облысында 650 учаске жұмыс істейді. Бұл туралы республикалық референдумға дайындық пысықталған семинар-кеңесте талқыланды. Учаскелер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жайлы етіп жасалады. Арнайы пандустар, кабиналар қойылады. Ал есту және көру қабілеті нашар адамдарға сурдоаударма қызметі қарастырылған. Бұған қоса 120 инватакси мүгедектердің еркін қатынауы үшін жұмыс істейді. Облыс бойынша 761 мыңнан аса адам дауыс беруге құқылы.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:
- Енді жергілікті атқарушы органдардың негізгі заңда көрсеткен міндеттерінің бірі – осы компанияда ол дауыс беретін учаскелерді материалдық жағынан қамтамасыз ету. Сол бөлмеде жұмыс істейтіндер, учаскелік комиссия. Сондықтан ол жерде жұмыс істейтін әрбір өкілді оқыту өте маңызды.